Наурыз 7, 2023

07-03-2023

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" ММ-нің «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурстың нәтижесі

2023 жылғы 7 наурыздағы конкурстық комиссиясы шешімінің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, бос лауазымына конкурстық комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат:

Кәрім Мұратбек Шарханұлы

Наурыз 7, 2023

03-03-2023

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

6-қосымшасы

 

Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу тураы ШЕШІМ

 

Лауазым

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ)

Жіберілмеу себебі

1.

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы

1)Тілепбергенова Раушан Амангалиевна

жіберілді

 

2)Сұлтанғалиева Айгүл Бердешқызы

жіберілді

 

3)Кәрім Мұратбек Шарханұлы

жіберілді

 

4) Миятбеков Нурбол Мусилханович

жіберілді

 

   

Департамент басшысының орынбасары                                       Б.Таишев

Конкурстық комиссия хатшысы                                                Г.Турекешов

                                                                                                     03.03.2023 ж.

Желтоқсан 22, 2022

Атырау облысында білім беру қызметімен айналысу үшін МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯСЫ бар жекеменшік мектептер тізімі

Білім беру ұйымының толық атауы

Білім беру ұйымының түрі

Оқыту тілі

«SilkWay мектеп-лицей» ЖШС

Жалпы білім беретін мектеп, мектеп-лицей

Қазақша/орысша

"Кайнар" ЖШС

Бастауыш мектеп

Қазақша/орысша

"Тағылым" ЖШС

Жалпы білім беретін мектеп

Қазақша/орысша

"Baby City" ЖШС

Бастауыш мектеп

Қазақша/орысша

"Сенім элитарлық мектеп-балабақша кешені"

Негізгі орта мектеп, мектеп-балабақша кешені

Қазақша/орысша

"INNOVERSE ATYRAU" ЖШС

Жалпы білім беретін мектеп

Қазақша/орысша

«Happy Choice» ЖШС

Жалпы білім беретін мектеп

Қазақша/орысша

"Келешек" мектеп-балабақша"

Бастауыш мектеп, бастауыш мектеп-балабақша

Орысша

 АТА - АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Құрметті ата-аналар, балаларыңызды жекеменшік мектепке берерде келесіні ескеру қажет: 

1.мектепте міндетті түрде лицензия болу керек, лицензиясы жоқ мектептің қызметі заңсыз;
2.лицензиясы жоқ мектеп анықтама, табель, куәлік, аттестат бере алмайды;
3.лицензиясыз берілген құжаттар заңсыз болып табылады, демек, Сіздің балаңыз алдағы уақытта колледж және ЖОО-на оқуға түсе алмайды.

Сәуір 27, 2022
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ - БАСТЫ НАЗАРДА
27 сәуірде Департамент басшысы Гүлназ Сулейменова «Елге қызмет» бағдарламасына қатысып, Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» туралы сұхбат берді.Айта кетейік, Департамент «Е-лицензиялау» электронды порталы арқылы «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»  мемлекеттік қызметін заңды тұлғаларға толықтай электронды түрде көрсетеді.«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша тіркелген өтініштерді қарау барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» №391 бұйрығы басшылыққа алынады.Сонымен қатар, Департамент 2017 жылғы 19 маусымнан бастап «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін жеке тұлғаларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және Электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы жүзеге асырады.«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді қарау барысында «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты басшылыққа алынады.
 
Сәуір 12, 2022

Бүгін Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні.Ғалымдарды кәсіби мерекемен құттықтап, күнделікті еңбектері мен зерттеу салаларын кеңейтіп жатқандары үшін алғысымды білдіргім келеді.Ғалымдарымыздың зерттеулері, жаңалықтары мен жаңа ғылыми білімдері еліміздің дамуына ерекше үлес қосып жатқаны сөзсіз.Бүгінгі таңда ғалымдарымыздың ғылыми жетістіктері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге шетелде де мойындалып жатыр.Президенттің ғылым саласына ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетуінің арқасында соңғы жылдары отандық ғылымды дамытудағы көптеген өзекті мәселе шешімін тауып, ғалымдарымызға қажетті жағдай жасауға мүмкіндік туды.Министрлік ғалым мамандығының беделді болуы, ғылыми идеялардың тұрақтылығы мен іске асырылуына кепілдік беруі үшін жүйелі жұмысты жалғастырады.Ғылым қызметкерлері күні құтты болсын!

ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов

Сәуір 12, 2022
Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Мемлекет Басшысының қабылдауында болып, оған Жолдауда берілген тапсырмаларының орындалу барысы, министрліктің білім және ғылым жүйесін жақсартуға бағытталған бастамалары жөнінде баяндады.Президентке балалар құқықтарының бұзылу фактілерін азайту үшін жекеменшік балабақшалардың жауапкершілігін арттыруға және мектеп бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеудің жаңа тәсілдеріне қатысты ұсыныстар берілді.Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмалары аясында «Ғылым туралы» Заңға өзгертулер енгізілген. Енді тарих, қазақ тілі, философия, археология, математика, шығыстану және басқа да салалар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген 4 мыңнан астам ғалым тұрақты еңбекақы алады. Ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімі бұрынғы 3 жылдан 5 жылға дейін созылды. Жас ғалымдарды қолдау үшін постдокторантураға мың грант бөлінді. Арнайы конкурстар басталды. Соның аясында 2 мыңнан астам жас ғалым 17 миллиард теңгенің грантын алды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ғалымдардың әлеуетін арттыру шаралары қабылданды. Жыл сайын 500 отандық маман республикалық бюджет есебінен әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.Министрдің есебін тыңдаған Президент мектептегі білім беру сапасы мен мұғалімдердің мәртебесін арттыру жөніндегі мақсатты жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарына лицензия беру тәртібін жетілдіру және іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізетін институттарды қолдау қажет деп санайды.
Ақпан 9, 2022

КОНКУРС ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

        

Ағымдағы жылғы 8 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс арқылы өткен онлайн семинарға қатыстым.

Семинар барысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бос орындар саны мен өткізілген конкурстарға жүргізілген талдау қорытындысы талқыланды.

Сонымен қатар, шарада конкурстар өткізу Қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпан 9, 2022

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫН РОТАЦИЯЛАУ

Білім беру ұйымы басшыларының кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалану үшін биылдан бастап директорларды ротациялау рәсімі жүзеге асырылатын болады.

                       

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау Қағидаларының негізгі басымдықтары:

-Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады.
-Екіншіден, ротациялаудың төмендегідей шарттары бар:
-ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жүзеге асырады;
-ротация бір елді-мекен аумағында жүргізіледі;
-ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді;
-ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында ротациялау туралы мәселені қарау үшін комиссия жұмыс жасайтын болады.

Министрлік тарапынан ротациялау жүйесінің тиімді жұмыс жасауына мониторинг жүргізілетін болады.

Ақпан 8, 2022

«Б» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ҮЛГІЛІК БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫНА БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
                                           
Енді талаптар мыналарды қамтиды:

-білім деңгейі бойынша;
-нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттер бойынша;
-жұмыс тәжірибесі бойынша.

Басшылық лауазым дегеніміз - оған бағынышты бөлімшенің, ұжымның немесе жеке қызметкерлердің қызметін ұйымдастыруға өкілеттік берілген ұйымның құрылымдық штат бірлігі.

Мемлекеттік органның ведомстволық біліктілік талаптарында мыналар белгіленуі мүмкін:
-Мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып, үлгілік біліктілік талаптарында көзделмеген құзыреттер бойынша талаптар;
-А-1 және В-1 санаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына С-О, С-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарының лауазымдарында жұмыс тәжірибесінің міндетті болуы жөніндегі талап.

мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі деп:

-мемлекеттік саяси лауазымдардағы жұмыс өтілі;
-мемлекеттік әкімшілік лауазымдардағы жұмыс өтілі;
-құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарындағы қызмет өтілі;
-әскери қызмет өтілі.

Сондай-ақ, тиісті санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі деп мемлекеттік лауазымдарға жұмыс өтілін қоспағанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілі түсініледі.

Ақпан 7, 2022

                       МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

                      

Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 17 - 19 қаңтар аралығында облыстың 3 мектепке дейінгі ұйымында мемлекеттік аттестаттау шаралары өткізілді.

Аттестаттау шаралары жүргізілген білім беру ұйымдары:
1. Индер ауданындағы «Болашақ» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2. Махамбет ауданындағы «Айгүл» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3. Мақат ауданындағы «Әсел» жеке бөбекжай-бақшасы «Амина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мемлекеттік аттестаттау шаралары барысында білім беру ұйымы бойынша төмендегі құжаттарға мониторинг жүргізіліп, тексерілдіі

-жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарының орындалуы;

-мектепке дейінгі ұйымдардың соңғы 5 жылда атқарған жұмыстары;
-педагогикалық кадрлардың әлеуеті;

-қолжетімді білім беру мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар;
-білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базасы зерделеніп, тексерілді.

Сонымен қатар, жұмыс барысында тәрбиеленушілердің ата -аналарынан сауалнамалар алынды.

-Жалпы, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - бұл оқыту мен тәрбие сапасын, әкімшілік пен мұғалімдердің жұмысын тереңірек және мақсатты зерттеуге бағытталған.
-Аттестаттау нәтижесі бойынша білім беру ұйымдарына бұзушылықты жою және көрсеткіштерді жақсарту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.