Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  2021 жылы атқарған мемлекеттік қызмет көрсету бағытына талдамалық анықтама

            Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті екі бағытта мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызметі «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электронды және қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында тікелей байланыс орнатылмаған.

  1. 2021 жыл бойынша «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы 367 өтініш түсті.   Оның ішінде: 9-ы лицензия алу, 23-і лицензияға қосымша алу, 335-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу туралы.

Түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 11 өтініш қанағаттандырылды. Атап айтқанда, 5-не лицензия берілді, 13-не лицензияға қосымша берілді, 296-ның лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта рәсімделді.

Түскен өтініштердің 53-не дәлелді бас тартылды: 4-не лицензия алуға, 10-на лицензияға қосымша алуға, 39-на лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге.