Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  2021 жылы атқарған мемлекеттік қызмет көрсету бағытына талдамалық анықтама

            Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті екі бағытта мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызметі «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электронды және қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында тікелей байланыс орнатылмаған.

 01.10.-31.12.2021 жылғы жағдай бойынша «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 316 құжат түсті. Құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінен және «egov- электронды үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады.

01.10.-31.12.2021 жыл аралығында түскен 316 құжат бойынша атқарылған жұмыстар төмендегідей:

1). 283 құжат рәсімделіп, мемлекеттік корпорацияға жолданды;

2) 33  құжат кері қайтарылды (мемлекеттік баж төленбеуіне байланысты).

Білім берудің деңгейлері: ЖОО-79, КжТББ-22, ЖББ-182.

Шығу елдері бойынша құжаттарға апостиль қою туралы мәліметтер

 

Ел атауы

Саны

1

Түркия

79

2

Чехия

52

3

Италия

47

4

Польша

32

5

АҚШ

17

6

Корея

19

7

Германия

12

8

Украина

7

9

Испания

3

10

ОАР

3

11

Ресей

3

12

Латвия

2

13

Ұлыбритания

2

14

Австрия

2

15

Венгрия

1

16

Словакия

1

17

Португалия

1

БАРЛЫҒЫ

283