Басшы блогы

        Сіздерді өзімнің ресми блогымда көруге қуаныштымын.
Сулейменова Гулназ Туралиновна – 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында дүниеге келген. 2001 жылы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін кәсіптік жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, 2006 жылы аталған оқу орнында заңтану бакалавры мамандықтарын алып, 2017 жылы «Тұран-Астана» университетін экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе қаласы № 30 орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып бастап, 2001 – 2011 жылдар аралығында аталған мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды. 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы, әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2018 жылдың 5 ақпанынан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.

 

«ЖАҢА LIFE - ЖАҢА ӨМІР» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ БАЯНДАЛДЫ.Ағымдағы жылғы 22 сәуірде Департамент басшысы Г. Сулейменова Атырау радиосының «ЖАҢА LIFE - ЖАҢАӨМІР»бағдарламасына қатысты.Бағдарлама барысында өңірдің білім саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

БРИФИНГ Күні:02.03.2022 Уақыты: 15. 00

Тақырыбы: "Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен жүргізілген бақылау шараларының қорытындылары"

Спикер:Сүлейменова Гулназ Туралиновна Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы

Сілтеме: https://www.facebook.com/gulnaz.suleymen.5/videos/476682707461944